• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Ұшқан ұя» отбасылық оқырмандар клубы

Маңғыстау облыстық кітапхана платформасында құрылған «Ұшқан ұя» отбасылық оқырмандар клубының мақсаты – жақсы қауымдастық қалыптастыру, ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, рухани әрі зияткерлік өсуді қамтамасыз ету. 

Клуб аясында ата-аналармен бірігіп, бала тәрбиесіне арналған «Қабуснама» кітабы оқып талқыланды, «Мамандықтың мәні» кітабын талдау барысында ата-аналар өздерінің жоғары сыныптағы балаларымен бірге қатысып, мамандықтың маңызын тереңірек түсінуге тырысты. Нәтижесінде балалар болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, ата-аналар балаларды қолдау жолдары туралы құнды ойлар алды. 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ұшқан ұя» клуб мүшелері кітапханаға «Кітап сыйлау акциясын» ұйымдастырды.

Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар бөлімі жаңынан құрылған «Тұлға  боламын»  кітап оқу жобасы аясында жыл бойы балалар түрлі кітаптар мен көркем әдебиеттерді оқыды. Атап айтсақ, “Айдаһар қыздар”, “Айдаһар әміршілері, “Кітапқұмар”, “Кітаптан қорқатын бала”, “Бала Мәжиттің хикаялары”, “Қаныш Сәтбаев кім?”, “Әбіш Кекілбаев кім?” және тағы басқа кітаптар Оқу барысында олар өз ойларын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтті. Сонымен қатар сөйлеу, жазу және сыни ойлау дағдыларын дамытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.

«Тұлға болам» жобасының мақсаты - Мемлекет басшысы ұсынған «Зерделі ұлт»тұжырымдамасымен толық үндеседі. Жобаның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру.

Клуб, жоба авторы, кітапхана амбассадоры, белсенді оқырман Сұлтан Тайғарин.

Кітапханаға кел, бізбен бірге дамы!




Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...

Жаңалыққа өту  

16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...

Жаңалыққа өту  

«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

Жаңалыққа өту  

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ...

Жаңалыққа өту  

Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандары! Сіздер үшін керемет ...

Жаңалыққа өту  

9-маусым күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

20-маусым күні кітапханамызда ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу