• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітап тұсау кесерлер - 2025

27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Аталған кітап «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, Қазақ КСР «Халық ағарту ісінің үздігі» - Торғай Шоңқаловтың өмірі мен қызметіне арналған.Шараға Торғай Шоңқаловтың  шәкірттері, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар  қатысты. Қатысушы қонақтар естеліктермен бөлісіп, өнерпаздар ән-күйге бөледі. 

1 наурыз күні  ветеринария саласының ардагері Қаржаубай Көшеннің «Мал аурулары және емдеу жолдары» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай мал шаруашылығы саласының ардагерлері мен шаруа қожалықтарының иелері, ауыл әкімдері қатысты. Облыс әкімі көктемнің алғашқы күнінде 70 жасқа толған кітап авторына еселі еңбегі үшін алғыс айтып, ветеринария саласына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгі тақты.Шара соңы құттықтаулармен әдемі әнмен аяқталды. 

9 сәуір күні Қоғамдық сана мен саяси мәдениеттің даму жолында ерекше орны бар «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы туралы Данияр Аралбайұлының «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

24-сәуір күні облыстық архивтың  Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Тағзым» кітабының таныстырылымы өтті. 

30-сәуір күні облыстық кітапханада сұрапыл соғыстың соңғы солдаты, ғасыр жасаған майдангер қария хақында сыр шертетін-майдангердің ұлы Қазақстанның Құрметті Журналисі, ардагер журналист Айтбай Аймағамбеттің «Ұлан ғасыр ғұмыр» кітабы мен «Өтпелі өткел» атты журналистік қызметіндегі жазбаларынан тұратын екі бірдей кітаптарының тұсаукесері өтті.

Асан Аймағамбетов Ұлы Отан соғысындағы ерлік әрекеттері үшін  «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», Жуков медальдерімен,  Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс Хатымен,  Жеңістің мерекелік даталарына орай берілген медаль-төсбелгілерімен марапатталды.

11-шілде күні «Ішкі жан дүниесінің сәулесі» екі тілде жарық көрген кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Аталған кітап – көру қабілетінен айырылған адамдардың шынайы тағдыры негізінде жазылған.  Кітаптың басты кейіпкері – қандай қиындық болса да,  ішкі үміт сәулесін сөндірмеген, қайраты жан.

 




12-тамыз күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Ақтауда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған ...

Жаңалыққа өту  

"Жүз жол - біреуі сенікі" жобасы - жыл сайын жүзеге асырылып, оқырмандарға кәсіби ...

Жаңалыққа өту  

30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы ...

Жаңалыққа өту  

«Зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» ...

Жаңалыққа өту  

Арнаулы бөлімнің қоғам  қызметкері,  «Саусақ ұшындағы әлем» Брайль жүйесімен ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлім қызметкерлері балалардың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапхана мен “Маңғыстау” телеарнасы бірлесіп “Бір кітап” жобасын ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың ақпан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

Астана, Қазақстан Республикасының астанасы, халықаралық кітапханалық ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу