Өнер әдебиеттерін насихаттау барысында
7 қаңтар күні Өнер бөлімі әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін салушы Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл толуына орай «Менің көргендерім мен көңілдегілерім» онлайн бейнебаян жасады. Оның Қазақстандық өнердегі кино мен театр әлеміне салып кеткен сара жолын айта отырып, кеңестік кезеңдегі өнерге үлес қосқаны айтылды. Кітапхана қорындағы Құрманбек Жандарбеков туралы кітаптар таныстырылды.
30 қаңтар күні Өнер бөлімі Музыкант, дарынды дирижер Исаак Дунаевскийдің 125 жылдығына орай «Без музыки нет жизни» атты тақырыпта Маңғыстау өнер колледжімен бірігіп музыкалық шара өткізілді. Композитордың өмірі мен шығармашылығынан мілімет беріліп, өмірбаяны жайды бейнебаян көрсетілді. Шара барысында Маңғыстау өнер колледжінің студенттері И. Дунаевскийдің шығармаларын фортопианомен орындап берді. Кітап көрмесі таныстырылды. Кеш соңында оқырмандарға алғыс хат беріліп, студенттер жылы лебіздерін білдірді.
19 ақпан Өнер бөлімі театр суретшісі, кинорежиссер Левин Моисей Зеликовичтің 130жылдығына «Театр – менің өмірім» тақырыпта №32 орта мектептің 10 «б» сынып оқушыларымен ақпараттық шолу өткізілді. Аталған шарада оқырмандар Левиннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы жаңадан тың мәліметтер жинақтады.
6 наурыз Өнер бөлімі Поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы Фредерик Франсуа Шопеннің 215 жылдығына орай «Поляк халмузыкасының өшпес әуені» атты тақырыпта №19 орта мектептің 6 сынып оқушыларына музыкалық вернисаж өткізді.Аталған шарада оқырмандар Шопеннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы жаңадан тың мәліметтер жинақтады. Шара соңында оқырмандар өзінің пікірін білдіріп, облыстық кітапханаға рахметін жеткізді.
14 наурыз күні Өнер бөлімі «Қазақтың «Төлегені» атанған кино және театр актері, "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтің 80 жылдығына орай «Жарқын бейне» атты еске алу кешінде №32 орта мектептің 10 «б» сынып оқушылары мен Маңғыстау Туризм колледжі студенттеріне актердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, бейнебаян көрсетілді. Шара соңында оқырмандар өзінің пікірін білдіріп, ой бөлісті.
10 сәуір күні Өнер бөлімі әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына «Жүрекке жылы қонған әуен» сазды кеш өткізілді. Қазақ өнеріндегі сахна әлеміне салып кеткен дирижердің сара жолын айта отырып, Қазақстанның музыка өнеріне орасан зор үлес қосқанын бейнебаян арқылы көрсетілді. Құрмет» орденінің иегері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Нұрнияз Мұқанов қонақ ретінде сөз сөйлеп, тыңдарман көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Маңғыстау өнер колледжінің студенттері «Ата толғауы», «Жекпе-жек» күйлерін орындап, мекеме атынан сыйлықтармен марапатталды.
30 сәуір күні Өнер бөлімі Халықаралық би күніне орай «Өмірім менің өнерім» бишілермен кездесу кеш өтті. Іс-шара барысында кәсіби бишілер, хореографтар шақырылып, өздерінің шығармашылық жолдары, жетістіктері мен би өнерінің ерекшеліктері жайлы ой бөлісті.
Қонақтар арасында Беккужиев Талғат және Башенина Елена болды.Олар көрермендерге шеберлік сағатын көрсетіп, әртүрлі би жанрларындағы өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, жас бишілер өнер көрсетіп, би әлеміндегі алғашқы қадамдарымен бөлісті. Маңғыстау облысы білім басқармасының №2 арнайы мектеп интернатының «Серілер» атты биші жігіттері «Шляпа» биімен «La_vie_dance» тобының бишілері өз өнерлерін көрсетіп қошеметке бөленді. Би туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.
18 маусым күні Арнаулы кітапхана филиалында Қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші композитор, домбырашы, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Шара барысында оқырмандарды бейнебаян арқылы өнер иесінің өмірбаянымен таныстырып, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының күйшісі «Аққу», «Әлқисса» күйлерін орындап, өлкетану бөлімінің меңгерушісі Тәттігүл Куйкентайқызы композитор туралы қызықты деректермен бөлісті.
Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығында қазақтың ұлттық музыкасы ерекше орын алады. Оның композиторлық еңбегі көптеген әндер мен күйлерді қамтиды, оның ішінде «Аққу», «Сарыарқа», «Қараторғай» сияқты танымал шығармалары және «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдерге музыка жазып, қырық шақты спектакльге әуен жазған. Әрбір туындысы қазақ халқының тұрмысын, рухын, табиғатын бейнелейді. Оның музыкасы тыңдаушының жүрегіне терең әсер етіп, ұлттық өнердің сұлулығын кеңінен танытуға мүмкіндік берді.
Өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы ұлттық өнердің тұтастығын сақтауға және дамытуға бағытталған. Ол қазақтың домбыра өнерін әлемге танытқан өнер қайраткері ретінде тарихта қалды.
Оның шығармашылығы бүгінгі күні де жас ұрпаққа ұлттық өнерді сүюге, оны құрметтеуге және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үлгі болып табылады. Әлемдегі қазақ мәдениетінің асқақ туы болған Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәңгілікке қалатын болады.
Облыстық кітапхана өлкеміздегі 69 кітапханаға әдістемелік орталық болып ...
Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ...
7 қаңтар күні Өнер бөлімі әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін ...
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени ...
27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты ...
Маңғыстау облыстық кітапханасы облыс шеңберінде ғана емес, республикалық, ...
Маңғыстау облыс кітапханаларында 16-шілде мен 10-тамыз аралығында «100 кітап» ...