Өнер әлеміне өшпес із қалдырған
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, рухани жаңару үстінде болады. Бүгін Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының арнаулы кітапхана бөлімі балалық шағында тағдыр тәлкегіне тап болса да, болашаққа үлкен сеніммен қарап, өмір сәтсіздіктерін жеңіп, өнер әлеміне өшпес із қалдырған Жақсыкелді Сейілов шығармашылығына сазды кеш ұйымдастырды. Әнші, сазгер қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 1949 жылы дүниеге келген. Алты айында шешек ауруынан қос жанарынан, үш жасында анасынан айрылып, қабырғасы қатпай жатып, өмірдің қатал сынағына ұшырады. Дауасыз дерт қарашығын қараңғылағанымен, көкірек көзін жаба алған жоқ. 1971 жылы «Қаракөз» вокалды аспаптар ансамбілін құрып, оның көркемдік жағын басқарды. Сол арқылы композитор әрі әнші ретінде көпшілік қауымға таныла бастады. «Неге солай», «Ана туралы баллада», «Кездесу», «Айналайын қанатым», «Нан туралы баллада» атты әндері республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. 1975 жылы Жезқазған филормониясынан «Жезкиік» атты ансамбль құрды.
Жақсыкелді Сейілов 1974 - 1976, 1983 - 1985 жылдары Жезқазған облыстық қазақ соқырлар қоғамын басқарды. Әуесқой композитордың «Ана туралы баллада» атты әні Мәскеуде, Прибалтика республикаларында өнер сүйгіш қауымнан жақсы баға алды. Кеште сазгердің "Жез киік", "Әке туралы ой" әндерін Маңғыстау облыстық филормониясының әншісі Әзімхан Баймағанбетов, "Неге солай" әнін оқырмандар Гайсина Майра, Чопанова Қалау, баянда Ибраев Болаттың сүйемелдеуінде орындады. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің 1 курс студенттері Дүйсенова Нұржамал мен Асхаров Ершуақ күй төкті. Облыстық зағиптар қазақ қоғамының оқу өндірістік кәсіпорын басшысы, Ақтау қаласының «Құрметті азаматы» Тілепов Боранбай Кемелұлы сазгермен бірге болған кездегі естеліктерімен бөлісті.
12-тамыз күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...
Ақтауда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған ...
"Жүз жол - біреуі сенікі" жобасы - жыл сайын жүзеге асырылып, оқырмандарға кәсіби ...
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы ...
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» ...
Арнаулы бөлімнің қоғам қызметкері, «Саусақ ұшындағы әлем» Брайль жүйесімен ...
Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлім қызметкерлері балалардың ...
Кітапхана мен “Маңғыстау” телеарнасы бірлесіп “Бір кітап” жобасын ...
2025 жылдың ақпан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Астана, Қазақстан Республикасының астанасы, халықаралық кітапханалық ...