«Өлеңім-өмірім»
19 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Х.Ерғалиевтың туғанына
100 жыл толуына орай
«Өлеңім-өмірім» атты
әдеби кеші өтті.
Қазақтың көрнекті абыз ақыны, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидың туғанына биыл 100 жыл толды. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ақын, туған әдебиетімізде жарты ғасырдан астам уақыт тер төккен асыл аға, арына дақ түсірмей өткен абыз ақын Х.Ерғали туралы «Өзегім толы ақ жалын» кітабында өте жақсы естеліктер берілген. Қазақтың мүйізі қарағайдай ақын-жазушылары Ә.Сәрсенбаев, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, Ж.Молдағалиев, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Ғ.Қайырбеков, Қ.Қайсенов, Ә.Кекілбайұлы т.б. естеліктерінен ақынның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы анық көрінеді. Әбіш ағамыз өз естелігінде ақын туралы былай деп келтірген: «Бұл кісідей қазақтың керемет тілін аса жетік білетін жан кемде кем. Хамаң баяғы Қазыбек, Төле, Әйтеке билер тіріліп келіп қасында отырса да айылын жыймай айдындана ақтарыларына еш күмәнданбаймын. Қазақтың бүгінгі әдебиетінде қай заманға жіберсең, сол заманның тілімен мүдірмей сөйлеп кете алатын ділмарлардың аз емес екендігі анық. Солардың алдымен ауызға ілігер біреуі -Хамит Ерғалиев деп білемін». Өмірден өткен осындай ұлы адамдарды бүгінгі ұрпақтың есіне салып, шығармаларын дәріптеп отыру кітапхана жұмысының негізгі бағыты. Облыстық кітапханада осы мақсатта поэзия сағаты ұйымдастырылып, М.Биниязова жүргізді. Оқырмандар ақынның көптеген өлеңдерін жатқа орындады. Күй тартылып, ән айтылды. Кеш соңынан белсенді қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығы қарсаңында ...
4 шілде күні кітапханамыздың қызметкерлері қала сыртындағы "Балдәурен" жазғы ...
10 шілде күні кітапханамыздың балалар бөлімі қызметкерлері қаламыздағы "Тұлпар" ...
Бүгін кітапханамызда "Мен астамен бірге өсемін!" атты фото сайысының қорытынды ...
Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар ...
Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау ...
Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты ...
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 30 мамыр кітапханамызда ...
Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ...
24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері" атты кездесу кеш өтті. Кештін ...