• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітап арқылы ашылған сырлы әлем

23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы,  Маңғыстау облыстық орталық «Бекет Ата» мешіті және Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалымен бірлесіп, алғашқы рет қазақ және орыс тілдерінде «Адам оқыған сайын биіктейді» атты зағип оқушылар арасында Брайль қаріпіндегі кітап оқу байқауы болып өтті.  

Басты мақсат: кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру және зияткер ұлт қалыптастыруда өз үлесімізді қосу. Кітап арқылы білімге ғана жол ашпай, жаңа идеяларға кілт таба алатынын, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткізетінін, сұлулықты басқа қырынан көре алатынын ұғындыру.

Байқауға Маңғыстау облыстық арнайы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Байқау ережесі бойынша, 4 кезеңге бөлінді алғашқы кезеңде оқушылардың оқығын кітап санын анықтау, оқыған кітаптардың мазмұнын әдеби тілде баяндау (1-3 мин), Қазылар алқасының таңдауымен кез келген бетті жүргізіп оқу (1-3 мин), оқыған кітаптардан арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру. 

Байқауға әділ баға беру үшін арнайы қазылар алқасы тағайындалды. Қазылар алқасының құрамында:

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы,  Маңғыстау облыстық орталық «Бекет Ата» мешітінің найб имамы Жұмабай Қуандықұлы;

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының тифлопедагогі Құсайынова Саида Амангелдіқызы;

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының қоғамдық қызметкері, брайлы маманы Ыбыраев Қуаныш Салахаддинұлы. 

    Әр кезең бойынша оқушылар өздерінің білімдерін, сөйлеу мәдениетін, ой ұшқырлығын және оқу шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен ізденісі анық байқалды.

Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін әділ бағалап, олардың оқу мәнеріне, мазмұнды жеткізуіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне ерекше назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық арнайы мектеп-интернаты оқушылары арасында 1-орынды Көркем Сұлтан, 2-орынды Гүлмира Жәнібекова және 3-орынды Ақбөбек Ескендір иеленді. Ал ынталандыру сыйлығы Айболат Асылбек пен Нұркелді Мұратқа табысталды. Үздік деп танылған оқушылар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  Барлық қатысушыларға және байқауға көрермен, жанкүйер ретінде келген балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында тәтті сыйлықтар үлестірілді. Бұл кішкентай жүректерге қуаныш ұялатып, шараның шырайын кіргізе түсті.

Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай байқаулардың жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген құштарлығын арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, кітап оқудың маңыздылығы кеңінен насихатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол. 




Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда  “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...

Жаңалыққа өту  

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...

Жаңалыққа өту  

25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...

Жаңалыққа өту  

11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ...

Жаңалыққа өту  

Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан ...

Жаңалыққа өту  

·   8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсанында кітапханада «Ана деп көркем ...

Жаңалыққа өту  

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

 25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның  ,,Дневник ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу