Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
25 желтоқсан күні "Балдәурен", "Шағала" аула клубтардың жетекшілері мен балалары ...
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске ...
Кітапханамызда Жасөспірім бөлімі мен Келешек колледжінің бірігіп ...
2019 жылдың 6-7 желтоқсан күндерінде "ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ...
2019 жылдың 04 желтоқсаннан 25 желтоқсанға дейін кітапханамыздың өнер бөлімінде ...
27 қараша күні кітапханамыздың арнаулы бөлімінде "Әбіш әлемі" атты ақпараттық ...
28 қараша күні кітапханамызда ақын, журналист Анар Шамшадиновамен кездесу өтті. ...
27 қараша күні кітапханамыздың оқу залында жазушы, публицист, аудармашы Герольд ...
23 қараша күні кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында ...
14 қараша күні күйші, жыршы, ақын Мұрат Өскінбайұлының туғанына 115 жыл толуына орай ...