«Тарихта үлкен із қалдырған тұлға»
13 ақпан күні Облыстық кітапханасында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған дарынды ғалым, үлкен парасат иесі Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай «Тарихта үлкен із қалдырған тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті. Шараға арнайы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Мәулен Мақсотұлы Мен Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марзия Түгелбайқызы қатысты. Кештің негізгі бөлігінде ұлы тұлға Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы мен тарихтағы орны туралы баяндамалар тыңдалды. Студенттерге 19 ғасырдағы Кенесары хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов туралы тарихи оқиға негізінде түсірілген «Аманат» фильмінен үзінде көрсетілді.
Сондай-ақ, Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасына арналған «Қазақ тарихының геродоты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның қазақ тарихын зерттеудегі еңбектері мен «Қазақ ССР тарихы» бойынша жүргізген зерттеулері , Қазақ тарихына қатысты жазған кітаптары мен мақалалары ұсынылды. Ермұхан Бекмахановтың еңбектері қазіргі қоғам үшін маңызды және оның зерттеулері мен еңбектері бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайды. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DGCqkW3oIh-/
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...






















