Акциялар аясында
17 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық және «Бір өлке – Бір тұлға» өлке акциясы аясында арнаулы кітапхана филиалында әдеби-танымдық шара өткізілді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылы - Абайдың "Қара сөздерінен" бастау алып, биыл 2025 жылы Қазақстан әдебиетінің екі көрнекті тұлғасы – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары оқуға таңдалды. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Жұмекен Нәжімеденов - қазақ әдебиетінің ұлы ақыны, ел рухын асқақтатқан, терең ойлы өлеңдерімен ерекшеленген тұлға. Оның туындылары туған жердің қасиеті мен адамның ішкі жан-дүниесін бейнелейтін нәзік поэтикалық өрнегімен баурайды.
Тәкен Әлімқұлов – проза мен әдебиеттану әлеміндегі дара тұлға. Оның шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениетінің терең қырларын ашып, ұлттық руханиятты байытады.
2022 жылы облыстық кітапханасының бастауымен өлкемізде "Бір өлке - бір тұлға" акциясы өз жұмысын бастады.
2022 жылы - қазақтың тұңғыш мифологі, өлкетанушы, географ, публицист Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығына;
2023 жылы - Алаш ардақтысы, журналист, публицист, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының 130 жылдығына,
2024 жылы - акция ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына арналған.
2025 жылы – акция Қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Президент сыйлығының иегері, Құрмет орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын Сабыр Адай Шеркешбайұлына арналды.
Сабыр Адай - «Әр қазақ менің жалғызым» - деп жырлаған, өскелең өрен жігерін жани алар асқақ рухты, тегеурінді, жасын жырлары, ұлттық бояуы қанық, пәлсапалық ойы басым маржан туындылары сөз өнерінің бағалы қазынасы ретінде көркем әдебиетіміздің алтын қорын кемелдендіре түседі.
Оқырмандар жүрегінен терең орын алып, есімдері ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихында мәңгі өшпес із қалдырған ақындардың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, өлеңдерің оқып, әндері шырқалды. Шара соңында «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ...
24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері" атты кездесу кеш өтті. Кештін ...
19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book ...
Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген ...
18 сәуір күні кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам ...
Апталықтың соңғы күнінде №9 мектептің 1 "а" сынып оқушыларына "Кітап әлеміне ...
Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ұлы даланың ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "ҚАЗАҚСТАН - АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ" атты ...
Бүгін кітапханамызда Республикалық "Бір ел - бір кітап" 2019 акциясы аясында ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне ...