• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Ашық есік күні

15 қазан -  Халықаралық  Ақ таяқ күніне орай зағип жандарға арналған кітапхана филиалында  тифлоқұралдармен таныстыру  мақсатында ашық есік күні өткізілді. 

Ақ таяқ күні 1970 жылы 15 қазанда халықаралық зағиптар федерациясының қолдауымен бекітілген.

Айтулы күннің тарихы 1921 жылдан басталады. Көру мүмкіндігінен айырылған ағылшындық Джеймс Бигс есімді Ұлыбритания азаматы көшедегі кәдімгі таяқ ұстаушылардан ерекшелену үшін қолындағы таяғын ақ түске боятқан екен. Қазіргі күні ақ түсті таяқ әлем бойынша зағип жандардың белгісі саналады. 

 «Ақ таяқ» күнінің қоғамдағы алатын орны, көру мүмкіндігінен айырылған жандар арасында ақ түсті таяқтың қолданыла бастауы туралы мәліметтер беріліп, оның қолданылу ережелері түсіндірілді. Көру қабілетінен айырылған жандардың жағдайын, оларға қоғамның назар аударуы қаншалықты маңызды екендігін ұғындыра түсу мақсатында  арнаулы  бөлімнің  қоғам қызметкері  Кусаинова Сайда  тифлоқұралдармен таныстырып,  Ниеткалиева  Шынар, Садырбаев Самрат,  Базарбаев  Өтеген    «Атамекен», «Мейірімді болайықшы ағайын» әсем әндерін шырқап, Жалғасбаев Алпысбай  сықақшы Оспанхан Әубәкіров  «Көшірлер» хикаясын   әңгімелеп берді.

Кеш барысында   оқырмандар ақ  таяқтың түрлері  турасында да сөз қозғап, Мұнайлы ауданының медицина қызметкерлеріне сұрақтар қойып, кері байланыс жасалды.

Сондай-ақ  шарада  «Ақ таяқ күні – мейірімділік үні»  атты кітап көрмесі көпшілікке таныстырылды. Сөреге көру қабілеті нашарлаған мүгедек жандардың өмірі, жетістіктері мен көз ауруларын емдеудің алдын алу тақырыбындағы кітаптар қойылды. 

 



Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...

Жаңалыққа өту  

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...

Жаңалыққа өту  

9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...

Жаңалыққа өту  

3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Бистро Fusion-де ашылды! Жақында  Napoli кафесінде ашылады! ...

Жаңалыққа өту  

Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...

Жаңалыққа өту  

1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...

Жаңалыққа өту  

15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...

Жаңалыққа өту  

"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу