Естелік кітап
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" кітабының тұсау кесері өтті.
Уақыт ұлы күш. Адамзат тарихында қандай ірі оқиғалар болса да жылдар өткен соң, біртіндеп бояуы солғын тарта бастайды. Ал, бірақ бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған, жұмыр жердің астаң-кестеңін шығарған 4 жылға, дәлірек айтқанда 1418 күнге созылған соғыс ешқашанда ұмытылмайды. Себебі, оған әлем халықтарының 80%-і қатысып, әлемнің 61 мемлекеті тартылып, 40 мемлекеттің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 1932 жылғы ашаршылықтан қырылып, бар жоғы 3,2 миллион –ақ болып, соған қарамастан Батысқа 500 мың боздағын аттандырған Қазақ еліміз де бар. Ғасырлар өткенмен, еліміздің бостандығы жолында өз өмірлерін құрбан еткен халқымыздың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткізіліп отырады. Сол кездегі халық басына түскен ауыртпалықты қазіргі жас ұрпақтың есіне салып, сол арқылы оларды ерлікке, аталар дәстүріне адалдыққа, патриоттыққа баулып отыру барлығымыздың борышымыз. Отты жылдар елге де де, ерге де, еңбектеген жас пен еңкейген кәріге де үлкен сын болғаны белгілі. Бұл- бүкіл бір ұрпақтың тағдыры таразыға түскен үлкен сын. Бұл сынға барша халық сияқты қазақ халқы да ерлікпен төтеп берді. Майданда да, тылда да тамаша ерліктің үлгісін көрсетті. Бүкіл ел-жұрттың тіршілік- тынысы бір-ақ мақсатқа, ел қорғау ісіне жұмсалды. Осы мақсатпен, осы ерлікпен Ұлы жеңіске жетті. Оған да міне биыл 72 жыл. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, олардың аманатын кейінгі ұрпаққа жеткізуде жарық көріп жатырған әрбір кітаптың тұсауын кесу кітапханалардың міндеті. Бүгін аталар туралы «Естелік кітаптың» тұсауы кесілді. Жергілікті батыр Біләл Қалиевтің туғанына 100 жыл, Шығыс шынары М.Мәметованың туғанына 95 жыл, Батыр ұшқыш Т.Бигелдиновтің туғанына 95 жылдығынан ақпарат берілген соң, Тұрғанбай қажы «Естелік кітап» туралы әңгімеледі. Кітап кейіпкері майдангер Халидолла Дүйсекешұлы туралы естеліктер тыңдалды. Шөбересі майдангер атасы туралы жазған шығармасын оқыды.
12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...
Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...
11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
6 наурыз күні кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...
5 наурыз күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...
21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...
12 ақпан күні кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...
Кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...