«Кітап&кино» жобасы
«Кітап&кино» жобаның мақсаты: әдеби шығармалардың фильмге бейімделуімен және кино тарихымен танысу. Экрандалған шығармаларды оқуға құштарлығы анықтау.
17 сәуір күні «Кітап&кино» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының желісімен түсірілген « Бауыржан Момышұлы» атты кинофильмі көрсетіліп, талданды.
Оқырмандарға Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерге сүйене отырып мәліметтер берілді.Ұлы Отан соғысында отан үшін от кешкен –қаламгер, Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы туралы айтылды. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» басқада шығармаларымен таныстырылды.
23 Сәуір күні «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында «Кітап+кино» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың шығармасы желісімен түсірілген «Ботагөз» кинофильмі көрсетіліп, талданды. «Ботагөз» романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.Қазақ елінің басынан өткізген қиын қыстау кезеңді оқырмандар осы шығарма арқылы оқып кинофильмін көріп өз ойларын айтты.Шығарманы аяғына дейін оқуға тиіс екендерін айтып пікірлерімен бөлісті
28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні қарсыңында кітапханамызда ...
24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды. ...
12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...
Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...
11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
6 наурыз күні кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...
5 наурыз күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...
21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...