«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті!
Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен тұрғындары үшін «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті. Қалың оқырман қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармаларымен танысып, авторлармен еркін форматта пікір алысты. Сондай-ақ заманауи дизайнда қайта басылып шыққан классик туындыларды қолжетімді бағамен сатып ала алды.
Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова кесті.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз айтып, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігін, кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызы мен мәнін түсіндірді.
Тұңғыш рет өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне: жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын, жазушы Ақберен Елгезек, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым сынды алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар қатысты.
Бұдан бөлек, арнайы осы кітап жәрмеңкесіне елімізге танымал баспалар да келіп, қатысты. Атап айтқанда:
Qasym kitap; Steppe&World; Абай; Арман-ПВ; ZIYAT; SANA ; MAZMUNDAMA ; Marfu Press; Отбасы Хрестоматиясы; WIK HOUSE баспалары қатысты.
Екі күндік кітап жәрмеңкеде кітаптарға жеңілдіктер, түрлі шаралар және әдебиет пен шығармашылық дамуға қатысты тақырыптарда арнайы секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен тұсаукесерлер өтті.
15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» ...
АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек ...
18 қазан күні "Тәуелсіздік керуені" акциясы аясында кітапханамыздың кітап қорын ...
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...
2022 жылы еске алынатын күндердің ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім ...
"Парасат жолы" жобасы аясында Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің ...
"БАЛА ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ" атты балалар ақыны Көмек Ыбыраймен кездесу кеші 1 ...
Буккроссинг жаңалықтары: Осы, және басқа да кітаптарды қала кафелерінде ...
6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Панфилов дивизиясының ерлігіне ...

























