• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»

13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңына орай, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн. Тәуелсіздіктің келуімен бірге тарихта жас, егеменді елдің жаңа дәуірі басталды. Тарих үшін қас-қағымдай болған 26 жылдың ішінде Қазақстанның айрықша даму тәжірибесі қалыптасты. 

Шара облыстық халық шығармашылық орталығының өнерпаздарымен бірлесе өткізілді. Кеш шымылдығы «Жазира» «халықтық» ұлт аспаптар ансамблінің көңілашар күйімен ашылды. 

Шара барысында облыстық халық шығармашылық орталығының қызметкерлері Сейілхан Құсайынов, Құралай Әленова, Нұргүл Рамазанова, Бағжан Күдебаев, Бақтығали Жұмалин т.б әншілер мен күйшілер көрермендердің құлақ құрышын қандыра ән айтып, күй тартып зағип оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Өз кезегінде сөз алған арнаулы кітапхана директоры Гүлстан Гимрановна оқырмандарды мерекемен құттықтап, халық шығармашылық орталығының қызметкерлеріне алғысын білдірді. 



Бүгін кітапханамызда "Мен астамен бірге өсемін!" атты фото сайысының қорытынды ...

Жаңалыққа өту  

Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар ...

Жаңалыққа өту  

Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау ...

Жаңалыққа өту  

Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты ...

Жаңалыққа өту  

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.  30 мамыр  кітапханамызда ...

Жаңалыққа өту  

Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ...

Жаңалыққа өту  

24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері"  атты кездесу кеш өтті. Кештін ...

Жаңалыққа өту  

19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book ...

Жаңалыққа өту  

Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген ...

Жаңалыққа өту  

18 сәуір күні кітапханамызда  жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу