• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Сайыс ұйымдастырылды.

Жуырда, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалында «Төрлет, төрлет Наурыз!» атты  Мұнайлы аудадық Зағиптар қоғамы мен Зағиптар кітапханасы арасында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған мазмұнды, мерекелік сайыс ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқырмандар арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, сондай-ақ оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

   Сайысқа Мұнайлы ауданының намысын қорғауға «Бірлік күші» тобы мен Зағиптар кітапханасы атынан «Балқаймақтар» тобы қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс басталмас бұрын:  әділ әрі нақты шешім шығару мақсатында әділ қазылар алқасы таныстырылды. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебеп кітапханасының директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Алиев Расул Тілегенұлы, жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Сәрсенбаева Гүлшат Мизамбайқызы, анықтама-библиографиялық бөлім меңгерушісі Хибасова Дина Алтыбаевна

   Қатысушылар таныстыру кезеңінде өз топтарының ерекшеліктерін әсерлі жеткізіп, ұйымшылдықтарын көрсетті. Өнер көрсету кезеңі де «Бірлік күші» тобынан Базарбаев Өтеген «Үкілі қыз»  әнінін эстрадада жанырында орындаса, «Балқаймақтар» тобынан Дауылбайқызы Айсұлу Шернияздың термесін қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен нақышына келтіре шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, күш сынасу кезеңінде қатысушылар қол күрес пен арқан тарту арқылы өздерінің ептілігі мен төзімділігін дәлелдесе, ұлттық тағамдар бөлімінде қазақтың дәстүрлі ас мәзірі таныстырылып, олардың жасалу ерекшеліктері насихатталды.

      Киім үлгісі кезеңінде қатысушылар ұлттық киімдерді дәріптеп, олардың сәні мен маңызын көрсетті. Ал, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, ұлттық құндылықтар жөнінде терең мағлұматтарын паш етті.         

     Әділқазылар алқасына шешім шығару оңайға соқпады, себебі екі топ та тең дәрежеде өнер көрсетіп, жоғары дайындықтарын дәлелдеді. Дегенмен, «қонақ келсе – құт» деп қастерлеген қазағымыздың дархан дәстүріне сай, алыстан келген Мұнайлы аудандық қатысушыларға құрмет көрсетіліп, жүлделі орын ұсынылып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрбір қатысушының еңбегі ескеріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлағаны үшін алғыс білдірілді.

Бұл мерекелік шара оқырмандардың бірлігін арттырып, Наурыз мейрамының шынайы мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.  Қатысушылар саны: 50 адам.

 



"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...

Жаңалыққа өту  

К 75-ти летию Победы в Великой отечественной войне(1941-1945)г.г. был посвящён ...

Жаңалыққа өту  

Біздің кітапханада бірнеше үйірмелер, клубтар жұмыс жасайды. Соның ішінде өнер ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр ...

Жаңалыққа өту  

1 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде кітапханаға саяхат ...

Жаңалыққа өту  

Қазіргі кездегі Каспий экологиясы, Қошқар ата көлінің ластануы, халықты зардап ...

Жаңалыққа өту  

*Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының даналығын, рухани асыл-мұраларын ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...

Жаңалыққа өту  

Абайдың музыкалық әлемі - қазақ өнерінің алтын қазынасы. Ол 60-тан астам әннің және ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу