• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«KitapHack»

2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында «KitapHack» атты республикалық хакатон өтті.

Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен шараға Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Автоматизация бөлімінің қызметкері белсене қатысты. 

«KitapHack» шараға қатысқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов ерекше қажеттіліктері бар (мүмкіндігі шектеулі) оқырмандарға арналған, Жасанды Интеллект (AI) негізінде жасалған жаңа бағдарламаны таныстырды. Бұл жоба қазіргі таңда сынақтан өтіп жатқан бірегей бастама екені атап өтілді. 

Шара барысында қатысушылар топтарға бөлініп, заманауи кітапхана моделін қалыптастыруға, цифрлық құралдар арқылы қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жобалар әзірледі. 

Әр топ өз жобаларын таныстырып, ұсыныстар талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Бұл кітапхана саласындағы жаңа қызмет түрлерін дамытуға және цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар тың ойлардың айтылуына мүмкіндік берді. Кітапханашылар жобаларды әзірлеу барысында Google AI, Gemini, ChatGPT және Canva сияқты озық платформалар пайдаланылды.

Хакатон қорытындысында командалар арнайы «Ұшқыр идея», «Креативті идея», «Техникалық шешім», «Инновациялық жоба», «Әлеуметтік әсері жоғары жоба», «AI негізіндегі сапалы шешім» номинациялармен марапатталды.



Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан ...

Жаңалыққа өту  

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...

Жаңалыққа өту  

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...

Жаңалыққа өту  

9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...

Жаңалыққа өту  

3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Бистро Fusion-де ашылды! Жақында  Napoli кафесінде ашылады! ...

Жаңалыққа өту  

Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...

Жаңалыққа өту  

1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу