«Құжаттар жинағы» кітабы
Ақтауда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған кітап жарық көрді.
24 сәуір күні Ақтауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы облыстық кітапханасында өтті. Тағылымды басқосуда «Құжаттар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы Құралай Себепбаеваның айтуынша, кітаптың таралымы 500 дана болып жарық көрген.
— Бұл – Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған көлемді жинақ. Онда қазақ және орыс тілдерінде соғыс жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік ахуал, эвакуацияланған халықтың жағдайы, әуе және химиялық шабуылдардан қорғану, майданға көрсетілген көмек жөніндегі маңызды мәліметтер қамтылған. Конференцияға қатысқан 120-дан астам қонаққа кітап үлестірілді, — деді Құралай Себепбаева.
Ақтау қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қаржаубай Аққұлов, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Даржок Сейбағытов тарихи жинақтың тұсауын кесті.
Шара соңында Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві Жеңістің мерейтойларына арналған 1995–2020 жылдар аралығында жарыққа шыққан кітаптар туралы бейнеролик көрсеттті.
: https://otpannews.kz/kz/news/aktauda-ii-duniezhuzilik-sogyska-katysty-190-nan-astam-tarikhi-kuzhat-toptastyrylgan-kitap-zharyk-kordi
12 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, ...
«Туған жер – туған ел» базалық жобасы аясында 7 ақпан күні кітапханамыздың оқу ...
7 және 10 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімінің ...
4 ақпан күні кітапханамыздың балалар бөлімі қызметкерлердің ұйымдастыруымен №9 ...
30 қаңтар күні кітапханамыздың оқу залында қаладағы колледждер студенттердің ...
" Я ЗРЮ ТЕБЯ ИДУЩИМ В ПУТЬ..." осындай тақырыпта кітапханамыздың балалар бөлімінде ...
Кітапханамыздың оқу залына түскен жаңа кітаптары. ...
15 қаңтар күні кітапханамыздың балалар бөлімі кітапханашылары Маңғыстаудың ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Ай-стоппер" көрмесінің тақырыбы "Көңіл түсі - ...
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай халық жүрегінде" атты кітап көрмесі ...

























