• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды

Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған күнтізбе бойынша алғаш рет 23 сәуірде атап өтіліп жатқан Кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға ардагерлер ұйымының төрағасы Ч. Әбілов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р. Шамуханов және мәдениет бөлімінің басшысы Е. Құли қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Кеш барысында кітапхана саласының дамуына үлес қосқан кітапхана қызметкерлері  Г. Ермекова, Ә. Тұрсынғалиева, С. Нұртазаева және Л. Жакипова сынды мамандар арнайы марапаттарға ие болды. 

Мереке аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір кітап – бір ұжым» жобасы негізінде «Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, оқырман мәдениетін көтеру және ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру. Биылғы дода Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» дилогиясына арналды.

Сайысқа аудандағы №3, №4, №6, №12, №13, №14, №17, №18 және №21 жалпы білім беретін мектептердің ұжымдары қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты:

«Сұрақ – жауап»: шығарма мазмұны мен терминдері бойынша куиз-сынақ,  "Мен осы кітапты оқуға кеңес беремін" тақырыбында кітапты жарнамалау үшін жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдаланып бейнероликтер дайындап, "Өнерлінің өрісі кең" кезеңінде роман желісі бойынша сахналық қойылымдар қойылып,  монологтар оқылды.

Байқаудың әділ бағасын белгілі  мәдениет, әдебиет және кітапхана саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы берді. Шара соңында 

Бас жүлде: 12 - ЖББМ, 

1- орын:  13 мектеп-гимназия, 

2 - орын: 18 ЖББМ, 

3- орын:  3 ЖББМ ұжымдары иеленді. Қалған ұжымдар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. 




9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...

Жаңалыққа өту  

3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Бистро Fusion-де ашылды! Жақында  Napoli кафесінде ашылады! ...

Жаңалыққа өту  

Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...

Жаңалыққа өту  

1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...

Жаңалыққа өту  

15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...

Жаңалыққа өту  

"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...

Жаңалыққа өту  

К 75-ти летию Победы в Великой отечественной войне(1941-1945)г.г. был посвящён ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу