Коғаммен байланыс
Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени орталығы.
Қоғаммен байланыс: Облыстық кітапхана қалалады балабақшалармен, мектептермен, колледж, жоғары оқу орындармен, әскери бөлімдермен, жастар орталықтармен, қоғамдық қорлармен, басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
2025 жылдың 14-ақпан күні 99240 әскери бөлімінің жеке құрамы «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-мен бірлесіп Ауған соғысының ардагерлер күніне арналған іс-шарасын өткізді. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Тауманов Бейсенбай, Сатаев Самигула, Каражанов Махмут, Дүйсенов Жалын, Таужанов Абатбай, Дүйсенбаев Әділбек, Изинов Рахат ардагерлері жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 99240 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – жастарды өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиеленуіне бағыт берілді. 99240 әскери бөлімінің өнерпаздарымен бірлесіп Ақтау қаласының «Өнер сөзі» поэзия клубының қоғамдық қорының басшысы, педагог-психолог, ақын қыз, Қазақстандағы Евразиялық шығармашылық Гильдия (Лондон) мүшесі, қоғам қайраткері, экобелсендісі – Эльвира Жусупбекова мерекелік іс-шара концертімен аяқталды.
19-ақпан күні Конференц залында 99240 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз армия» тақырыпта семинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстың құзырлы органдарының мамандары шақырылды, атап айтқанда: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Маңғыстау облысы бойынша департаменті привенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбаевна, ҚР Сот әкімшілігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы Тұрлыбек Бекжігіт Сапаралиұлы, Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің аға офицері майор Ерназаров Мұңал Ибрашұлы және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Белек Дәулет Кемелұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 99240 әскери бөлімінің жеке құрамымен жүздесті. Кездесудың басты мақсаты: осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдагы құқық бұзушылықтарымен айналысуының негізгі себептерін білу. Семинар барысында кітап сақтау қорынан кітап көрме жасақталады.
20-ақпан күні Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен лудомания тақырыбында семинар өтті.
21-ақпан күні Лекторий залында зорлық-зомбылық тақырыбында жиналыс өтті.
14,21,28 сәуір күндері «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында НИШ зияткерлік мектебінің «Кітап әлемді бағындырады» атты ұйымдастырылған шараларға облыстық кітапхана қызметкерлері белсене қатысты. 14-сәуір күні «Тәтті кітап» сайысында облыстық кітапхана әдіскері Түгелова Айсұлу Дәнекерқызы қазылар алқасының мүшесі болды. 21-сәуір күні «Readx» жобасына облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Сәрсембаева Гүлшат Мизанбайқызы мен әдістемелік бөлімінің қызметкері Түгелова А.Д. қатысты, ал 28-сәуір Буккроссинг шараға қатысып, НИШ кітапхана облыстық кітапхана атынан қорына Жеңістің 80 жылдығы аясында «Құжаттар жинағы» кітабын табыстады.
Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ұлы даланың ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "ҚАЗАҚСТАН - АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ" атты ...
Бүгін кітапханамызда Республикалық "Бір ел - бір кітап" 2019 акциясы аясында ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне ...
28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні қарсыңында кітапханамызда ...
24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды. ...
12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...
Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...
11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
6 наурыз күні кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...