• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"ORDAGEN" балаларға арналған ертегілер жобасы

25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында "Ордаген" балаларға арналған ертегілер жоба авторларымен кездесу кеші өтті.

Жобаны қолдау мақсатында жоба бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Кітапханадағы шараға Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сармурзина Пания Оналбайқызы, ақын-журналист Үміт Жәлеке, журналист Голрох Жеменей, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, ақын Анар Шамшадинова, жазушы, сатирик, композитор Ерекен Қорабаев, балалар ақыны, сазгер Көмек Ыбыраев, көпшілік және мектеп кітапханашылары, балабақша қызметкерлері қатысты.

Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы арқылы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілген.

Жоба ұйымдастырушылары облыстық кітапхана қорына және шара қонақтарына кітаптар сыйлады.

Кітапханаға кел! Бізбен және «OrdaGen»-мен бірге кітап оқы!

#ұлттықруханижаңғыру #ордаген #ертегілер #сказкотерапия #аңыздар #жоба #қазақстан #балаларжылы #болашақ #маңғыстау #кітап #білім #книгидетям #знаниясила 



21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...

Жаңалыққа өту  

22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызға  қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...

Жаңалыққа өту  

"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 10 шілде күні,  Астананың 20 жылдығына орай  кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...

Жаңалыққа өту  

5 шілде күні  өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу