«Ақжол» партиясы мүшелерімен кездесу
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы «Ақжол» партиясы мүшелерімен кездесу өтті.Кездесу барысында еңбек тақырыбына байланысты ой түйінделді,сол күн – «еңбек күні» болып аталып өтуіне орай сөз тиегі кітапханашы мамандығында болды.Жастар кітаптың оқылуы және сол кітапты іздеп келуші оқырманның кітапханаға күнделікті келуі туралы сұрақ қойды.Кітапханамыздың бас әдіскері Еңсегенова Нұргул жастарға кітап асыл қазынамыз,қазіргі интернет дамыған кездегі кітаптың құнының еш өшпейтіндігі,кітап құмар қауымның әліде кітапханаға келуі тоқтамағандығы жөнінде әсерлі айтып берді.Партия мүшелері қазіргі жастардың талғамын қанағаттандыра аласыз ба? – деген кудіктері кітапханашы маманының жауабынан кейін сейілгендей болды деген үміттеміз.Анықтама бөлімінің меңгерушісі Сегізбаева Мәрзия кітапхана қорының толықтырылуы жөнінде мақтанардай дәрежеде екенін айтты.Жастар кездесуге риза болды.
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...