Абай әлеміне саяхат
10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Биыл хакімнің туғанына 180 жыл толуына орай Маңғыстау облыс кітапханаларында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.
10-тамыз күні кешкі уақытта теңіз жағалауында қаланың тұрғындары мен қонақтарының белсенді қатысуымен "Абай әлемі" атты Маңғыстау жастарымен бірлескен шара өтті. Шарада облыстық кітапхана қорынан Абай Құнанбайұлының шығармалары, аудармалары мен бірге ноталық басылымдар, журналдар, альбомдар т.б. кітаптар мен басқа да құжаттар халық назарына ұсынылды.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.
http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/index.php?lang=kz
5 наурыз күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...
21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...
12 ақпан күні кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...
Кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ...
6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ...
"Толағай" бала бақшасынан бір топ бүлдіршіндер "Балалар бөлімінің" кітап ...
Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ...