• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Аймақтық шаралар

Маңғыстау облыстық кітапханасы облыс шеңберінде ғана емес, республикалық, өңірлік ауқымда да кітапхана жұмысын жүргізілуде.

  28 қаңтар күні Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдық мерейтойына орай, Орал қаласының  Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлескен «Қадыр қазынасы» атты әдеби–сазды кеш өтті. Шараға Орал қаласындағы Қадыр орталығының қызметкерлері, Ақтау қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы №19 мектеп–гимназиясының оқушыларымен, сынып жетекшілері, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері және  кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешке белгілі жазушы, сатирик, сазгер Ерекен Қорабаев және балалар ақыны, сазгер Көмек Ыбырайұлы қатысып, Қадыр Мырза Әли туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, қос кітапхананың жастары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына деген құрметін білдірді. Кеш барысында М.Өскінбаев атындағы филармония әншісі Екпін Толқынхан және «Сайын Мәдениет үйінің» дәстүрлі ән жетекшісі Рахымбекова Анар ақынның сөзіне жазылған «Асыл әжем», «Құштар көңіл» әндерін орындап, кештің сәнін аша түсті. Бұл шара жас ұрпақты ақынның бай мұрасын жақын таныстырып, рухани азық сыйлаған мәнді де мағыналы кездесу болды. Мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу, оның әдеби қазынасын кейінгі ұрпаққа насихаттау.

23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасымен» бірлесіп «От кешкен өмір, өшпес ерлік»  зум платформа арқылы онлайн шара өтті.

Шара барысында батыр қызымыздың ерлік жолы баяндалды. Әлия Молдағұлованың нағашы сіңілісі Әрия Бисембаевна естелігімен бөлісті және Ә.Молдағұлова атындағы музей қызметкері онлайн музейді аралатты. Әлия туралы өлеңдер оқылып, видеослайд көрсетіліп «Әлия» әні орындалды. Шараның мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру. Елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту. 




5 наурыз күні  кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...

Жаңалыққа өту  

21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...

Жаңалыққа өту  

Мектеп оқушылары - кітапханада. ...

Жаңалыққа өту  

12 ақпан күні  кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ...

Жаңалыққа өту  

6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ...

Жаңалыққа өту  

"Толағай" бала бақшасынан бір топ бүлдіршіндер  "Балалар бөлімінің" кітап ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу