• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітапханамызда

Өміріндегі бар алтын мен асылдан,
Кітап артық шуақ болып шашылған,
Кітапханам - өнер-білім ордасы.
Сен – анамсың, құшағың кең ашылған. 

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі –  кітапхана. Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.

Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және баспасөз материалдарымен толықтырылады.

Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған. 

Кітапхана қаладағы жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен, әскери бөлімдерімен, білім беру орталықтары мен Мемлекеттік қызмет көрсету қызметкерлерімен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, музыкалық қонақжайлар, әңгімелер, сайыстар, конференциялар өткізіліп тұрады. 

Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Оқырмандар кітап әлемімен танысып, кітапты құрметтеуді, онымен жұмыс жасауды үйренеді. 

Оқырмандарға рухани – адамгершілік тәрбие беру – қазіргі кітапханасының ең маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан нақты жағдай мен қызмет түрлерін қолданамыз. 

Кітапханаға жиі келіңіздер! 



21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...

Жаңалыққа өту  

22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызға  қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...

Жаңалыққа өту  

"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 10 шілде күні,  Астананың 20 жылдығына орай  кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...

Жаңалыққа өту  

5 шілде күні  өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу