МАҢҒЫСТАУ ҒАШЫҚТАРЫ
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешіміздің кейіпкерлері осы Маңғыстау өңірінде өмір сүрген бір-біріне ғашық жандар: Ақбөбек пен Қайып, Ақшора мен Белтұрған, Қаработа мен Дөңқара, Асалы мен Көкетай еді.
Тыңдарман қауымға ерекше топтастырылған көрме ұйымдастырылды. Көрме әдеттегідей сөрелердегі қалың кітаптардан бөлек жіңішке жіппен өрілген, сонау 2005-2006 жылдары Маңғыстау газетінде жарық көрген жергілікті өнер танушы және мұражай қызметкері Отыншы Көшбайдың мақалаларымен топтастырылған. Жіңішке, жұқа – деген сөз тіркесі тегін алынбаған еді. Әрі әр мақаланың жанында сап алтындай көбелектер қонып отыр, бұл көбелектің қысқа ғұмыры іспеттес ғашықтардың қысқа өмірін баяндағандай болады.
Кешіне Маңғыстау өнер колледжінің және Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...