Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
17 мамыр күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде жазушы, драматург ...
4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері Оразов ...
26 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның Халық ...
25 сәуір күні, сағат 11-00-де кітапханамыздың оқу залында, оқырмандарға қызмет ...
Бүгін, 19 сәуір күні кітапханамызда 23-сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық ...
17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының ...
5 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...