«Сайын Назарбекұлы – сырлы жырдың саңлағы»
Маңғыстау облысында «Бір өлке – бір тұлға» өлкетану акциясы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының негізінде ұйымдастырылып келеді.
Акцияның басты мақсаты – өлке тарихын дәріптеу, өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың еңбектерін кеңінен насихаттау, олардың рухани-мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және туған жерге деген құрметін арттыру. Осыған орай арнаулы кітапхана филиалында 25-26 тамыз күндері «Сайын Назарбекұлы – сырлы жырдың саңлағы» атты дауыстап оқу сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Қазбаева Айгерім ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы зағип оқырмандарға кеңінен мағлұмат берісе, Уйсінбаева Гулфаризат Сайын Назарбекұлының өлеңдерін дауыстап оқып берді.
Оқырмандар ақынның сырлы жырларымен танысып, оның шығармашылық мұрасы жайында ой бөлісті. Әдеби шара арқылы Сайын Назарбекұлының есімі мен еңбегі насихатталып, зағип оқырмандардың рухани дүниесін байытуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...
К 75-ти летию Победы в Великой отечественной войне(1941-1945)г.г. был посвящён ...























