2 СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай апталықтың ашылуы салтанаты өтті. Кешке қаламыздағы 9,12,15 орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты. 12 мектеп оқушылары кітап туралы өлеңдерін оқыса, 15 мектептің 5 сынып оқушылары Танаш Дәуренбековтің "Кітаптар мұңы" атты әңгімесінен көрініс көрсетті. 9 орта мектептің 4 сынып оқушылары И.А. Крыловтың туғанына 250 жыл толуына орай "Қарға мен түлкі", " Әкесі мен балалары" мысалдары бойынша көрініс көрсетті. Оқушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап Г. Андерсеннің " Бұршақ үстіндегі ханша" және қазақ ертегісі " Тазша бала" ертегілерінен көріністер көрсетілді. Балаларға кітап туралы бейнеролик арқылы фильмдер көрсетілді. Кеш жүргізушісі кітапханашы Хасанова К.А. балаларға риза болып , үздік балаларды марапаттады.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ балалар ...
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...