4-маусым - ҚР Рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Кітапханамыздың оқу залында ҚР Рәміздер күніне орай "Ерліктің нышаны - ерліктің белгісі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – жастарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрмеге: Ата Заңымыз, «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары» құжаттар, деректер, және зерттеулер 10 томдық, Ж.Мәлібекұлының «Қазақстан Елтаңбасы. Герб Казахстана. State Emblem of Kazakһstan», С.Трофимованың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік нышандары», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б. мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді баспасөз беттерінен алынған мақалалар қойылды.
Келіңіздер! Көрмемен таныс болыңыздар!
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...