Әмин Тұяқов ағамыз 80 жасқа толды
Жасөспірім бөлімінің қызметкерлердің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың ең үздік 10 спортшысы сапында спорт тарихына алтын әріппен жазылған, әлемдегі ең мықты желаяқтардың бірі болған, Еуропа кубогының иесі, Кеңес одағының бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы, айтулы халықаралық жарыстардың жеңімпазы Әмин Тұяқов ағамыз 80 жасқа толуына орай кеш өтті. Туған елінің, туған жерінің мерейін өсіріп, көкбайрағын көкке көтерген, алпауыт АҚШ бастаған шартараптан әлемге паш еткен Әмин ағамыздың кешіне КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт ардагері, 15 жыл Маңғыстау облыстық спорт бөлімін басқарған Амангелді Бисенқожаұлы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Үсен Сардарұлы, Ш.Есенов университеті, Қазақ көлік Академиясы, политехникалық колледж студенттері қатысты. Шара басында Алматыда өтіп жатырған Универсиада қысқы ойындарынан ақпараттық шолу жасалды. Қатысушыларға Амангелді Бисенқожаұлы қазіргі Маңғыстау спортының дамуы, Әмин аға туралы естеліктер айтты. Жазушы Әбіш ағаның естелігі: «Космодром өзімізде болғанмен, ғарышқа бір қазақ ұшқан жоқ. Спортта да талай саңлақтарымыз жүргенімен, әлемдік, одақтық біріншіліктің финалына ешқайсы жіберілмейтін. Әсіресе, көз алдыңда бәрінен даусыз күш асырып тұрса да, «алтынға» келгенде алақандары тесік, уыстары жуыспайтын Әбдісалан Нұрмақанов пен Әбілсейіт Айхановтың жарыс сайын Құлагердің кебін киетінін көргенімізде жүйкеміз жүнжіп, жүрегіміз жидіп қоя беретін. Қазақтар арасынан спорттағы осындай Бермуд өткелегінен аман өткен Әмин Тұяқов болды», Н.Тілендиев: «Қос жүйрігіміз Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов төрткүл дүниеге қазақ деген халықтың есімін кең танытып еді. Енді олардың атын ардақтау бізге парыз. Бірінің аруағын аяласақ, екіншісінің өзін құрметтеуіміз керек»
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ балалар ...
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...