• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Танымдық экскурсиялар

  Кітапханалардағы экскурсиялық жұмыс жаңа оқырмандарды тартуға және халық арасында кітапхана имиджін көтеруге ықпал етеді. Маңғыстау облыстық кітапханасына жыл сайын 5 мыңнан астам адам кітапханаға саяхат жасап, кітапхананың тыныс-тіршілігімен, кітап қоры және ақпараттық ресурстарымен, кітапханадағы жобалар мен акциялары, клубтар мен үйірмелер жұмыстарымен, кітап көрмелерімен танысады. 

 Қаңтар айында этномәдени бірлестік «Достық үйінен» келген украиндық қонақтар, Мұнайлы ауданының «Қыран»  гимназиясының оқушылары сынып жетекшілерімен кітапханаға экскурсия жасап, «Әдеби күнтізбе», «Өмірі   өнеге – сөзі мұра», «Бір ел – бір кітап», «Бір өлке – бір тұлға», «Ұлт мақтаныштары», «Менің құқығым–менің міндетім» т.б. кітап көрмелерімен, «Маң дала, маңғаз мекен» өлкелік ақын жазушыларының шығармаларымен, әріптік, жүйелік  каталогтармен танысып, «LikeBOOK» акциясына қатысты. 

 Наурыз-сәуір айларында «Асылым», «Алтын сақа», «Еркенұр», «Ақбота» балабақша балалары мен тәрбиешілері, №11,12,13,14,18,24,32,33 мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері, «Оқушы» орталығы, «Адванта», IQ мектебінің оқушылары жетекшілерімен бірге кітапханаға экскурсияға қатысып, кітапхананың тарихымен, кітап қорының ерекшеліктерімен және оқу залдарының жұмыс тәртібімен танысты. Сонымен қатар, электронды кітапхана жүйесі мен жаңа әдебиеттер туралы толық ақпарат алды. Экскурсия соңында сұрақ-жауап сауалдары ұйымдастырылып, келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 Мамыр-шілде айлары аралығында жазғы лагерь балаларына, мектеп оқушыларына, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында білім алып жатқан ұстаздарға кітапханаға экскурсиялар ұйымдастырылып, кітапхананың тарихы, құрылымы және қызмет көрсету бағыттары  таныстырылды.   Сонымен қатар, кітапхана бөлімдерінде ұйымдастырылған «Әдеби күнтізбе», «Ой маржаны - сөз», «Көп оқыған – көп білер», «Артық білім - кітапта», «Қаламгерлердің сырлы әлемі» атты кітап көрмелері таныстырылды. Келушілер кітапхана бөлімдерін аралап, кітаптарды тіркеу және пайдалану ережелерімен танысты.

 Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында кітапханаға жаңадан  тіркелген оқырмандарға және арнаулы кітапхананың оқырмандарына, колледж, университет студенттеріне саяхат  ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында кітапханашылар оқырмандарға кітапханадағы қызмет түрлері, жаңа кітаптардың толықтырылуы және қажетті әдебиеттерді іздеу жолдары туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған көркем әдебиет, тарихи шығармалар, өмірбаяндық туындылар, мерзімді басылымдар мен танымдық кітаптарды тамашалап, өзара пікір алмасты. Әсіресе рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін, отбасылық тәрбие мен тұлғалық дамуға бағытталған әдебиеттерге қызығушылық танытты. 

 Экскурсияларға «Асмед Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі мен Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің 1-курс студенттері, ұстаздары және кітапханашылары, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 1-курс, Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ВІМ-26-01с тобы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің 3-курс студенттері мен кураторлары, «Білім-Инновация» лицейі мен №32 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары және сынып жетекшілері, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 1курс, М.Тынышпаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің 2-курс, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің  1 курс стyденттері қатысты. Сонымен бірге Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, JOO high school мектептерінің 11 сынып оқушылары, «Мен тұлғамын» жобасының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

  Экскурсиялар барысында өлкетану, шетел әдебиеттер залы, анықтама-библиографиялық қызметі, абонемент, өнер, техникалық әдебиеттер, балалар бөлімдері, оқу залдарының жұмыстары, кітапхана қоры және оқырмандарға ұсынылатын ақпараттық қызмет түрлері, сонымен қатар 2026 жылғы Цифрландыру жылы аясында ұйымдастырылған «Жасанды интеллект: жаһандық дамудың жаңа кезеңі» атты кітап көрмесі таныстырылды. 

 Танымдық экскурсиялар арқылы қатысушыларға білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы, оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылықты ояту,

мәдениет пен ғылымның әртүрлі салаларында ой өрісін кеңейту және қосымша білім алуға ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл кітапханада өтетін ашық көрмелерге, мәдени-әдеби іс-шараларға, әдеби клубтарға  қатысуға мүмкіндік береді.

         




Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар ...

Жаңалыққа өту  

"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...

Жаңалыққа өту  

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...

Жаңалыққа өту  

1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!"  атты мерекелік кеш ...

Жаңалыққа өту  

Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...

Жаңалыққа өту  

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Жаңалыққа өту  

"Ажур+" қолөнер үйірмесіне шақырамыз! Мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу