• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Акциялар аясында

17  сәуір  күні      «Бір ел – бір кітап»  республикалық    және  «Бір өлке – Бір тұлға» өлке  акциясы  аясында арнаулы кітапхана филиалында әдеби-танымдық  шара өткізілді.

«Бір ел – бір кітап» акциясы  2007  жылы - Абайдың  "Қара сөздерінен" бастау алып, биыл 2025 жылы  Қазақстан әдебиетінің екі көрнекті тұлғасы – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің  авторы Жұмекен  Нәжімеденовтің     шығармалары оқуға таңдалды. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау,  қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін  көтеру.

   Жұмекен  Нәжімеденов  - қазақ  әдебиетінің ұлы ақыны,  ел рухын асқақтатқан, терең ойлы өлеңдерімен ерекшеленген тұлға. Оның туындылары туған жердің қасиеті мен адамның ішкі жан-дүниесін бейнелейтін нәзік поэтикалық өрнегімен  баурайды.

   Тәкен Әлімқұлов – проза мен әдебиеттану әлеміндегі дара тұлға. Оның шығармалары қазақ әдебиеті  мен мәдениетінің терең қырларын ашып, ұлттық руханиятты байытады. 

2022 жылы облыстық кітапханасының бастауымен өлкемізде "Бір өлке - бір тұлға" акциясы өз жұмысын бастады. 

2022 жылы - қазақтың тұңғыш мифологі, өлкетанушы, географ, публицист Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығына;                                                 

2023 жылы -  Алаш ардақтысы, журналист, публицист, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының  130 жылдығына,                                                           

2024 жылы  - акция ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына арналған.

2025 жылы – акция Қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Президент сыйлығының иегері, Құрмет орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын  Сабыр Адай Шеркешбайұлына арналды. 

Сабыр Адай  - «Әр қазақ менің жалғызым» - деп жырлаған,  өскелең өрен жігерін жани алар асқақ рухты, тегеурінді, жасын жырлары, ұлттық бояуы қанық, пәлсапалық ойы басым маржан туындылары сөз өнерінің бағалы қазынасы ретінде көркем әдебиетіміздің алтын қорын кемелдендіре түседі.

  Оқырмандар жүрегінен терең орын алып, есімдері ұлттық  әдебиет  пен  мәдениет тарихында мәңгі өшпес із қалдырған ақындардың өмірі мен шығармашылығын  насихаттап,  өлеңдерің оқып, әндері шырқалды. Шара соңында  «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем»   атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. 




17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының ...

Жаңалыққа өту  

5 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ...

Жаңалыққа өту  

Өміріндегі бар алтын мен асылдан, Кітап артық шуақ болып шашылған, Кітапханам - ...

Жаңалыққа өту  

2 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай  кітапханамыздың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...

Жаңалыққа өту  

16 наурыз күні өнер бөлімінде қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

9 наурыз күні кітапханамызда "Кітап - мәңгілік елдің мәдени мұрасы" атты ашық есік ...

Жаңалыққа өту  

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні кітапханамызда  «Әйел - ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу