Болашақты нұрландырған тәуелсіздік
13 желтоқсан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапхана балалар бөлімінде "Болашақты нұрландырған тәуелсіздік" атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке қаламыздағы 6,21,24 мектеп оқушылары және 8 мектептің "Ұлан" аула клубы оқушылары қатысты.
6 мектеп оқушысы Базарбай Аружан Батырхан Шөкеновтің "Отан ана" әнін қобызда орындап берді.
21 мектеп оқушысы Атайұлы Райымбек "Балбырауын" күйін, Сидағалиев Нұрсұлтан " Ерке сылқым" күйін орындады.
6 мектеп оқушысы Қойшеева Гулбакыт "Халық термесі " орындаса, 21 мектеп оқушы қыздары "Қазақ биін" биледі.
6 мектеп 6"ә" сынып оқушысы Ғайнолла Алмат "Елбасы" әнін нақышына келтіре шырқады.
Кеш соңында оқушылар "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты кітап көрмесімен танысты.
Кешті балалар "Атамекен" әнімен аяқтап, үздік балалар алғыс хатпен марапатталды. Қатысқан 50 оқушы.
Кеш жүргізушісі балалар бөлім кітапханашысы Күланда Хасанова.
15 ақпан күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
14 ақпан күні балалар бөлімінде оқушыларға кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. ...
21 ақпан - Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
13-ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Пахтакор» өзбек ...
Мен бармаған қазақтың атырабы Маған кел деп мазалап шақырады. Мен баспаған ...
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...
27 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...