• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Еске алу кеші: САЛАМАТ МУКАШЕВ

Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті. 

Басқосуда еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың ел дамуы мен өндірісті өлкенің өркендеуіне сіңірген елеулі қызмет жолы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік ұстанымы, еңбекпен шыңдалған ерен тұлғасы турасында өрелі әңгіме өрбітті.

Кеш барысында Саламат Мұқашевпен қызмет бабымен қоян-қолтық араласқан, көзқарастары үндестік тапқан  үзеңгілес замандастары - Қайролла Ережепов, Бектұр Төлеуғалиев,  Ақмоншақ Баужанова және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, 1980-85 жылдары, бес жыл ішінде С.Мұқашевтың басқаруымен  Маңғыстау облысында іске асқан кен игеру, жаңа кәсіпорындар құру, мұнай-газ, ауыл шаруашылғы саласын серпінді дамыту,  өнеркәсіптік өнімдер көлемін ұлғайту секілді ауқымды жобалар жөнінде ой-пікірін ортаға салды.

"Саламат Мұқашев  жан жайсаң, сөзге сараң, ізгі адамгершілік қасиетімен , жоғары жауапкершілік, іскерлік-ұйымдастырушылық қаблетімен көзге түскен жан еді. Ел басқарудағы, жергілікті  кадрларды іріктеудегі ерекше тәсілі, облыс шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы ретіндегі рөлі ел жадында жаңғыра түспек",-деді Бектұр Төлеуғалиев. 



15 ақпан күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

Жаңалыққа өту  

14 ақпан күні балалар бөлімінде оқушыларға кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. ...

Жаңалыққа өту  

21 ақпан -  Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...

Жаңалыққа өту  

13-ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Пахтакор» өзбек ...

Жаңалыққа өту  

Мен бармаған қазақтың атырабы Маған кел деп мазалап шақырады. Мен баспаған ...

Жаңалыққа өту  

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...

Жаңалыққа өту  

27 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу