• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітапхана саласындағы заманауи ақпараттық жүйелер

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсету саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық кітаптар мен құжаттар қызмет көрсету барысында тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын көтеру. Пайдаланушыларға қызмет көрсетуде ақпараттандыру процесі кітапхана қызметкерлері мен мамандарының біліктілік, қызмет сапасына үлкен талап қояды. Ол қызметкерлердің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және қызмет көрсету барысында шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. 

Биылғы жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен ақын Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіне Маңғыстау облыстық кітапханасы ұйымдастырған фото-әдеби көрмесіне фотосуреттерді дайындау барысында заманауи технологиялық шешімдер кешенді түрде қолданылды. Атап айтқанда, суреттерді өңдеу және сапасын арттыру үшін ChatGPT және Gemini жасанды интеллект жүйелері пайдаланылды. Сонымен қатар, белгілі маман Нұржан Жолдыбалиновтың реставрациялау әдістемесі арқылы фотосуреттер қайта қалпына келтірілді. Графикалық дизайн жұмыстары CorelDRAW 2025 бағдарламасында орындалды.

 26–27 наурыз күндері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған «Жасанды интеллект курсы» өткізілді. Курс спикері – ІТ-маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер маркетологы Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов.

Курс барысында қатысушылар жасанды интеллекттің негізгі қағидаларымен танысып, түрлі платформалармен жұмыс жасау дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге негізделген кейстер қарастырылды. Курс сабақтарына облыс қала, аудан кітапханаларынан кітапханашылар қатысты. 

 21-сәуір күні Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос қанаты» тақырыбында аудандық форум ұйымдастырды. Форумның басты мақсаты – кітапхана саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды талқылау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. 

  Форум аясында арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, кітапхана ісін дамыту бағытында мазмұнды баяндамалар жасады. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының әдіскері Түгелова Айсұлу Дәнекерқызы "Кітапхана және ЖИ" тақырыбында баяндама жасады. 

  Алматы қалалық кітапхана жүйесінде 23–24 сәуір күндері Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай кәсіби тәжірибе алмасуға арналған екі күндік республикалық семинар өтті.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов әріптестерін Жасанды Интеллект (AI) негізінде жасалған жаңа бағдарламаны таныстырды. Бұл жоба қазіргі таңда сынақтан өтіп жатқан бірегей бастама екені атап өтілді.

«Кітапхана саласындағы заманауи ақпараттық жүйелер» жобалар сайысы ұйымдастырылып, семинардың екінші күні креативті форматта жалғасты. Қатысушыларға 3 сағат ішінде кітапхана ісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша жоба қорғау тапсырма берілді.

Жобаларды әзірлеу барысында Google AI, Gemini, ChatGPT және Canva сияқты озық платформалар пайдаланылды. Нәтижесінде Топтар заманауи шешімдерді ұсынды, соның ішінде Telegram-бот арқылы кітаптарды қашықтан оқу мүмкіндігін қарастырған жобалар ерекше қызығушылық тудырды. Кейбір топтар Жасанды интеллект көмегімен дайын бот құрылымдарын жасап шықты. 

   Бүгінгі таңда облыстық кітапхана заманауи техникамен, компьютерлермен, интернет желісімен және жиһазбен жабдықталған.  Кітапхана пайдаланушыларға қазіргі талаптарға сай ақпараттық-библиографиялық сервис қызметін, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қазіргі заманғы технологиялық құралдармен жабдықталған кітапхана филиалын және т.б. заманауи оқу залдарының қызметін ұсынады. Кітапханада барлығы 12 залы мен 9 бөлім бар, сондай-ақ электрондық ақпараттарды терабайттық көлемде сақтауға мүмкіндік беретін серверлер кешені бар. Маңғыстау облыстық кітапханасының кітап қоры 430 мыңнан астам кітапты құрайды. Кітапхана қоры кітаптардан басқа 800 атауға жуық отандық, шетелдік мерзімді басылымдармен толықтырылады.

 



23 қараша күні кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында ...

Жаңалыққа өту  

14 қараша күні күйші, жыршы, ақын Мұрат Өскінбайұлының туғанына 115 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

12 қараша күні кітапханамыздың балалар бөлімінің қызметкерлері  қаламыздағы №21 ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың дүлділі, атақты күйші Сержан Шәкіраттың 80 жас толуына арналған ...

Жаңалыққа өту  

23 қазан күні қаламыздағы №9 орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушылары ...

Жаңалыққа өту  

18 қазан күні кітапханамызда поэзиялық сағат өтті. Кеш қатысушылары: Ақтау қ. ...

Жаңалыққа өту  

11 қазан күні кітапханамызда "Болашақ" колледжінің І курс студенттердің ...

Жаңалыққа өту  

Участницы библиотечного"Женского клуба выходного дня" посетили мастер-класс в ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың оқу залында заңғар жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...

Жаңалыққа өту  

27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу