Сайыс ұйымдастырылды.
Жуырда, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалында «Төрлет, төрлет Наурыз!» атты Мұнайлы аудадық Зағиптар қоғамы мен Зағиптар кітапханасы арасында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған мазмұнды, мерекелік сайыс ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқырмандар арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, сондай-ақ оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сайысқа Мұнайлы ауданының намысын қорғауға «Бірлік күші» тобы мен Зағиптар кітапханасы атынан «Балқаймақтар» тобы қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс басталмас бұрын: әділ әрі нақты шешім шығару мақсатында әділ қазылар алқасы таныстырылды. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебеп кітапханасының директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Алиев Расул Тілегенұлы, жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Сәрсенбаева Гүлшат Мизамбайқызы, анықтама-библиографиялық бөлім меңгерушісі Хибасова Дина Алтыбаевна
Қатысушылар таныстыру кезеңінде өз топтарының ерекшеліктерін әсерлі жеткізіп, ұйымшылдықтарын көрсетті. Өнер көрсету кезеңі де «Бірлік күші» тобынан Базарбаев Өтеген «Үкілі қыз» әнінін эстрадада жанырында орындаса, «Балқаймақтар» тобынан Дауылбайқызы Айсұлу Шернияздың термесін қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен нақышына келтіре шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, күш сынасу кезеңінде қатысушылар қол күрес пен арқан тарту арқылы өздерінің ептілігі мен төзімділігін дәлелдесе, ұлттық тағамдар бөлімінде қазақтың дәстүрлі ас мәзірі таныстырылып, олардың жасалу ерекшеліктері насихатталды.
Киім үлгісі кезеңінде қатысушылар ұлттық киімдерді дәріптеп, олардың сәні мен маңызын көрсетті. Ал, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, ұлттық құндылықтар жөнінде терең мағлұматтарын паш етті.
Әділқазылар алқасына шешім шығару оңайға соқпады, себебі екі топ та тең дәрежеде өнер көрсетіп, жоғары дайындықтарын дәлелдеді. Дегенмен, «қонақ келсе – құт» деп қастерлеген қазағымыздың дархан дәстүріне сай, алыстан келген Мұнайлы аудандық қатысушыларға құрмет көрсетіліп, жүлделі орын ұсынылып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрбір қатысушының еңбегі ескеріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлағаны үшін алғыс білдірілді.
Бұл мерекелік шара оқырмандардың бірлігін арттырып, Наурыз мейрамының шынайы мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар саны: 50 адам.
24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды. ...
12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...
Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...
11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
6 наурыз күні кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...
5 наурыз күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...
21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...
12 ақпан күні кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...

























