Тәуелсіздік туы, желбіре!
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қаламыздағы № 8 мектептің 4 "а", "б " сынып оқушылары және №15 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Балаларға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріліп, оқушылар өздері дайындап келген " Ата = бабам аңсаған тәуелсіздік" атты көрінісін көрсетті. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 15 мектептің оқушысы Қаржаубай Диляра Ғ. Құрманғалиевтің " Қазақстан " әнін домбырамен шырқап берді. Балаларға Желтоқсан оқиғасы туралы айтылып, Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңдері оқылды. "Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан " атты кітап көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды. Кеш жүргізушісі: кітапханашы Күланда Хасанова.
8 маусым күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ...
31 мамыр күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Бір ...
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай кітапханамыздың балалар бөлімінің ...
30 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында Алаш қозғалысына ...
24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр ...
17 мамыр күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде жазушы, драматург ...
4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері Оразов ...
26 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның Халық ...