• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"Қоғамға қызмет" жобасы

2025 жылдың ақпан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мақсатында Меморандум жасалды. 

Меморандум аясында «Қоғамға қызмет» жобасы іске асты. 

"Қоғамқа қызмет" жобасы бойынша университет студенттерінің 4 тобы кітапхана бөлімдерімен бірлесіп түрлі форматта іс-шараларды ұйымдастырып өткізді. 

Олар: ЭТНО-МӘДЕНИ БАҒЫТ; этно-мәдени бағыттағы қоғамға қызмет көрсету бірнеше маңызды мақсаттарды көздейді: Брайль қарпімен жазылған кітаптармен таныстыру. Дауыстап кітап оқу іс-шараларын өткізу. Ерекше қажеттіліктері бар оқырмандарға көмек көрсету.   

ЗИЯЛЫ ҰРПАҚ; әдеби клуб ашу, қазақ әдебиеттерін насихаттау, ойлау, талдау қабілеттерін дамыту, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. Балалар үйімен бірнеше іс-шара ұйымдастыру. Балаларға кітапқа  қызығушылық тудыру үшін танымал кітаптардан үзінділер оқу. Интерактивті ойындарды дайындап, өткізу. "Біз, салауатты жастар үшін!" шара өткізу.

ОЙ ОРДА КОМАНДАСЫ: қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту және мәдени-ағартушылық іс-шараларды кеңейту көзделеді -  "Тарих және болашақ" куиз ойынын ұйымдастыру;  Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне жастардың нашақорлыққа бармауына түрлі кітаптарды насихаттау; Кітап туралы қысқа фильм конкурсын ұйымдастыру;  Ашық микрофон өткізу.

ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ командасы: зағип жандарға арналған аудиожазба дайындау, балаларға “Қызыл кітап” туралы ақпарат беру, дәрігермен сұхбат ұйымдастыру, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру аясында түрлі форматта іс-шараларды өткізу.

Осы бағыттар бойынша ақпан-сәуір айлары аралығында университет студенттерінің белсене қатысуымен облыстық кітапханада түрлі форматта іс-шаралар өтті.

Университет оқытушысы Арашова Набат Қожабілмесқызының айтуынша "Қоғамға қызмет" жобасы күзгі айларында да өз жалғасын табады.   



25 сәуір күні, сағат 11-00-де кітапханамыздың оқу залында, оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 19 сәуір күні кітапханамызда  23-сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық ...

Жаңалыққа өту  

17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының ...

Жаңалыққа өту  

5 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ...

Жаңалыққа өту  

Өміріндегі бар алтын мен асылдан, Кітап артық шуақ болып шашылған, Кітапханам - ...

Жаңалыққа өту  

2 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай  кітапханамыздың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...

Жаңалыққа өту  

16 наурыз күні өнер бөлімінде қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу