Ашық есік күні
15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай зағип жандарға арналған кітапхана филиалында тифлоқұралдармен таныстыру мақсатында ашық есік күні өткізілді.
Ақ таяқ күні 1970 жылы 15 қазанда халықаралық зағиптар федерациясының қолдауымен бекітілген.
Айтулы күннің тарихы 1921 жылдан басталады. Көру мүмкіндігінен айырылған ағылшындық Джеймс Бигс есімді Ұлыбритания азаматы көшедегі кәдімгі таяқ ұстаушылардан ерекшелену үшін қолындағы таяғын ақ түске боятқан екен. Қазіргі күні ақ түсті таяқ әлем бойынша зағип жандардың белгісі саналады.
«Ақ таяқ» күнінің қоғамдағы алатын орны, көру мүмкіндігінен айырылған жандар арасында ақ түсті таяқтың қолданыла бастауы туралы мәліметтер беріліп, оның қолданылу ережелері түсіндірілді. Көру қабілетінен айырылған жандардың жағдайын, оларға қоғамның назар аударуы қаншалықты маңызды екендігін ұғындыра түсу мақсатында арнаулы бөлімнің қоғам қызметкері Кусаинова Сайда тифлоқұралдармен таныстырып, Ниеткалиева Шынар, Садырбаев Самрат, Базарбаев Өтеген «Атамекен», «Мейірімді болайықшы ағайын» әсем әндерін шырқап, Жалғасбаев Алпысбай сықақшы Оспанхан Әубәкіров «Көшірлер» хикаясын әңгімелеп берді.
Кеш барысында оқырмандар ақ таяқтың түрлері турасында да сөз қозғап, Мұнайлы ауданының медицина қызметкерлеріне сұрақтар қойып, кері байланыс жасалды.
Сондай-ақ шарада «Ақ таяқ күні – мейірімділік үні» атты кітап көрмесі көпшілікке таныстырылды. Сөреге көру қабілеті нашарлаған мүгедек жандардың өмірі, жетістіктері мен көз ауруларын емдеудің алдын алу тақырыбындағы кітаптар қойылды.
Өнер бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде: ...
Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен ...
Кітапхана білім ошағы ғана емес, мәдени орталық. Сондықтан да қызметкерлердің ...
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" ...
Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы бойынша 7 ...
Бүгін қазақ заңғар жазушы, абыз - Әбіш Кекілбайұлының дүниеге келген күні! Қазақ ...
Кітапханамыздың балалар бөліміне " Басқұдық" елді мекенінің №14 мектептің бір ...
29 қараша күні 1-желтоқсан - Президент күні қарсаңында Ақтау қаласының полиция ...
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жер-жерде қызу талқыланып жатыр. ...























