«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
5 наурыз күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...
21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...
12 ақпан күні кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...
Кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ...
6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ...
"Толағай" бала бақшасынан бір топ бүлдіршіндер "Балалар бөлімінің" кітап ...
Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ...

























