• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Тарихта үлкен із қалдырған тұлға»

13 ақпан күні Облыстық кітапханасында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған дарынды ғалым, үлкен парасат иесі Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай «Тарихта үлкен із қалдырған тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті. Шараға арнайы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Мәулен Мақсотұлы Мен Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марзия Түгелбайқызы қатысты. Кештің негізгі бөлігінде ұлы тұлға Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы мен тарихтағы орны туралы баяндамалар тыңдалды. Студенттерге 19 ғасырдағы Кенесары хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов туралы тарихи оқиға негізінде түсірілген «Аманат» фильмінен үзінде көрсетілді.

Сондай-ақ, Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасына арналған «Қазақ тарихының геродоты»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның қазақ тарихын зерттеудегі еңбектері мен «Қазақ ССР тарихы» бойынша жүргізген зерттеулері , Қазақ тарихына қатысты жазған кітаптары мен мақалалары  ұсынылды. Ермұхан Бекмахановтың еңбектері қазіргі қоғам үшін маңызды және оның зерттеулері мен еңбектері бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайды.  https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DGCqkW3oIh-/




Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...

Жаңалыққа өту  

22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызға  қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...

Жаңалыққа өту  

"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 10 шілде күні,  Астананың 20 жылдығына орай  кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...

Жаңалыққа өту  

5 шілде күні  өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

Жаңалыққа өту  

28 маусым күні өнер бөлімі кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу