10 тамыз - Абай күні
10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» тақырыбында интеллектуалды квиз ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, қатысушылардың әдеби-танымдық білімдерін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ түрлі сала өкілдері арасында достық қарым-қатынас пен зияткерлік мәдениетті дамыту болды.
Интеллектуалды ойынға әскери полиция қызметкерлері, 2201 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері, 25744 әскери бөлімінің қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, «Сүмбіле» аналар клубының мүшелері, қалалық және аудандық кітапханалардың қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.
Квиз бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолы, шығармашылығы, қара сөздері, поэзиясы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық құндылықтар және логикалық тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Әр кезеңде командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықтарын және жылдам ойлау қабілеттерін танытып, тартысты әрі мазмұнды ойын өрбіді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ойын қорытындысында:
* І орын – «Сүмбіле» аналар клубының командасына;
* ІІ орын – «Ұшқан ұя» командасына;
* ІІІ орын – мәдениет қызметкерлерінен құралған «Елге қызмет» командасына берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған интеллектуалды квиз Абай мұрасын дәріптеуге, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, қатысушылардың ой-өрісін кеңейтуге және түрлі мекеме өкілдерінің өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал еткен мазмұнды мәдени-танымдық шара болды.
Облыс кітапханаларында да 20-дан астам мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылып, өтті.
Кітапханамызда Маңғыстау облысының мəдениет, тілдер жəне архив ісі басқармасы ...
18 қыркүйек күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ...
Отбасы күніне орай кітапханамызда айтары бар, көңілге түйгені мол, көп жыл ...
"Әбіш оқулары" Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының "Жігер" ...
25 тамыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында кітапханашы ...
Кітап фримаркеті - кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Енді ...
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, ...
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығы қарсаңында ...
4 шілде күні кітапханамыздың қызметкерлері қала сыртындағы "Балдәурен" жазғы ...
10 шілде күні кітапханамыздың балалар бөлімі қызметкерлері қаламыздағы "Тұлпар" ...

























