• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітап – сарқылмас қазына, мәңгілік мұра

«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ «100 кітап – 100 қазына» жобасы арқылы жастардың оқу мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жеткізу мақсатымен Ақтау қалалық орталық кітапханасы классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының туындылары енген «100 кітап» жобасы аясында оқуға ұсынылған ең үздік туындылар тізімін әлеуметтік желіге жариялады. Постпен қатар оқырмандар назарына арнайы бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте кітаптардың мұқабалары, авторлары мен қысқаша сипаттамалары қамтылып, оқуға шақыру идеясы көрініс тапты. «100 кітап» жобасы аясында әлеуметтік желіде жүргізілген жұмыс жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға және әдеби мұраға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.

Ақтау қалалық орталық кітапханасының №3 кітапхана филиалы Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттай отырып, кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықтарын, тіл байлықтарын арттырып, ой-өрістерін дамыту мақсатымен «100 кітап - 100 қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмеге кітапхана қорындағы 100 кітаптың тізіміне енген әдеби шығармалар қойылды.  Кітапхананың тұрақты оқырмандарына қазақ ұлттық көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылған ақын Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», С.Сейфулиннің «Асау тұлпар», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» және т.б. тұлғалардың шығармаларына шолу жасалды. 

Сонымен бірге №4,6,9,10 кітапхана филиалдары еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, қазақстандық жазушылардың шығармаларын танымал ету, оқырмандардың кітапқа деген ынтасын оятып, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем сөзге, әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру мақсатымен «100 кітап - 100 қазына» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде жалпыұлттық сауалнамаға сәйкес, отандық әдебиеттің ең танымал кітаптары тізіміне енген туындылар оқырман назарына ұсынылып, библиографиялық шолулар жасалды.

100 кітапты бірге оқиық, оқырман! 

  





Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...

Жаңалыққа өту  

22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызға  қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...

Жаңалыққа өту  

"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 10 шілде күні,  Астананың 20 жылдығына орай  кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...

Жаңалыққа өту  

5 шілде күні  өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

Жаңалыққа өту  

28 маусым күні өнер бөлімі кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу