"ORDAGEN" балаларға арналған ертегілер жобасы
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында "Ордаген" балаларға арналған ертегілер жоба авторларымен кездесу кеші өтті.
Жобаны қолдау мақсатында жоба бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Кітапханадағы шараға Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сармурзина Пания Оналбайқызы, ақын-журналист Үміт Жәлеке, журналист Голрох Жеменей, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, ақын Анар Шамшадинова, жазушы, сатирик, композитор Ерекен Қорабаев, балалар ақыны, сазгер Көмек Ыбыраев, көпшілік және мектеп кітапханашылары, балабақша қызметкерлері қатысты.
Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы арқылы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілген.
Жоба ұйымдастырушылары облыстық кітапхана қорына және шара қонақтарына кітаптар сыйлады.
Кітапханаға кел! Бізбен және «OrdaGen»-мен бірге кітап оқы!
#ұлттықруханижаңғыру #ордаген #ертегілер #сказкотерапия #аңыздар #жоба #қазақстан #балаларжылы #болашақ #маңғыстау #кітап #білім #книгидетям #знаниясила
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...