• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Журналистика Жолбарысы»

21 мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану бөлімінде журналист, қаламгер, Сот жүйесінің құрметті қызметкері Әнуарбек Қайырғалиұлы Жәнібек 80 жас «Журналистика Жолбарысы» кездесу кеш ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өлке руханиятына үлес қосқан Аталық Әбдешұлы, Қожахмет Демеубергенұлы, Үміт Жәлеке, Гүлнар Науырша сөз алып, Әнуарбек Қайырғалиұлының журналистикадағы орны, адамгершілік қасиеті мен кейінгі буынға көрсеткен қамқорлығы туралы тағылымды естеліктерін айтты. М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Айнұр Омарова, күйші Ақжол Қарақаев кештің көркіне көрік қосты.

Ғасырға жуық ғұмырын сөз өнері мен қоғам қызметіне арнаған Әнуарбек Жәнібектің мерейтойлық кеші жас журналистерге өнеге, көпшілікке рухани әсер сыйлаған мазмұнды басқосу болды.

Бабаларымыз байтақ Отанымызды қан төгіп қорғаса, аға буын тер төгіп, қаламның сиясын төгіп қызмет қылғаны белгілі. Осы толқынның алдыңғы қатарында Әнуар ағамыз бар. Көзі тірісінде насихаттап, өз аузынан әңгіме естіп кейінгі жас буынға таныту кітапхананың міндеті. Шара соңында «Ақжайықтың арғымағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 



12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...

Жаңалыққа өту  

Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...

Жаңалыққа өту  

11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

6 наурыз күні  кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...

Жаңалыққа өту  

5 наурыз күні  кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...

Жаңалыққа өту  

21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...

Жаңалыққа өту  

Мектеп оқушылары - кітапханада. ...

Жаңалыққа өту  

12 ақпан күні  кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу