«KitapHack»
2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында «KitapHack» атты республикалық хакатон өтті.
Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен шараға Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Автоматизация бөлімінің қызметкері белсене қатысты.
«KitapHack» шараға қатысқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов ерекше қажеттіліктері бар (мүмкіндігі шектеулі) оқырмандарға арналған, Жасанды Интеллект (AI) негізінде жасалған жаңа бағдарламаны таныстырды. Бұл жоба қазіргі таңда сынақтан өтіп жатқан бірегей бастама екені атап өтілді.
Шара барысында қатысушылар топтарға бөлініп, заманауи кітапхана моделін қалыптастыруға, цифрлық құралдар арқылы қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жобалар әзірледі.
Әр топ өз жобаларын таныстырып, ұсыныстар талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Бұл кітапхана саласындағы жаңа қызмет түрлерін дамытуға және цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар тың ойлардың айтылуына мүмкіндік берді. Кітапханашылар жобаларды әзірлеу барысында Google AI, Gemini, ChatGPT және Canva сияқты озық платформалар пайдаланылды.
Хакатон қорытындысында командалар арнайы «Ұшқыр идея», «Креативті идея», «Техникалық шешім», «Инновациялық жоба», «Әлеуметтік әсері жоғары жоба», «AI негізіндегі сапалы шешім» номинациялармен марапатталды.
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...

























