«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

























