Кітапхана саяхат
14 сәуір күні IQ мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кітапханаға экскурсияға қатысты. Іс-шараның жоспары төмендегідей болды: Кітапханамен танысу; Кітап қоры және қызмет көрсету бөлімдері туралы ақпарат беру; Оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастыру.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері оқушыларды кітапхананың тарихымен, кітап қорының ерекшеліктерімен және оқу залдарының жұмыс тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар электронды кітапхана жүйесі және жаңа әдебиеттер туралы ақпарат берілді.
Оқу залында «Әдеби күнтізбе», «Ой маржаны – сөз», «Like book» атты кітап көрмелері көрсетілді. Оқушылар кітапхана бөлімдерін аралап, кітаптарды тіркеу және пайдалану ережелерімен танысты.
Соңында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Қорытынды: Іс-шара оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға, кітап қорын тиімді пайдалану жолдарын түсіндіруге және оқу үдерісіне қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталды.
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

























