«Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау»
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, публицист Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған кеш өтті. Кеш аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы автордың шығармашылығынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге прозалық кітабы “Жолға шықты жүрегім», «Серпер сезім», Жыр жинақтары: «Өлеңбаян» 2 томдық, «Қағбаның қарлығаштары», «Шуақты шақ», т.с.с. және баспасөз бетіне жарияланған мақалалары қойылды. Шарада ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды ( “Шевченко шаттығы”, “ Жас жұбайлар жыры” ). Кеш өте жоғарғы деңгейде өтті.
Туған елім, шуағымды шашайын,
Тамырымды – жан нұрымды ашайын.
Туың сенің биік болса – мәртебем,
Тік көтеріп болашаққа асайын
Өтеген Оралбаев
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...