Халық жазушысы, белгілі қаламгер Дүкенбай Досжан
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана бөлімшесі бар. Қоғамның назар аударуын қажет ететін мұндай азаматтарға да республика, облыс жаңалықтары, жазушылар мерейтойлары таныстырылып, әртүрлі шаралар өткізіледі. Көздері көрмесе де жүректері сау мұндай жандарға дауыстап оқу, ақпараттық сағаттар жиі ұйымдастырылады. Бүгін халық жазушысы, белгілі қаламгер Дүкенбай Досжанның 75 жылдығына кітаптары мен өмірбаяны таныстырылды. Қатысушы аналарға жазушы есімі, кітаптары жақсы таныс болғандықтан қызыға тыңдады. Өйткені, Д.Досжан өз оқырмандарына өзін әлдеқашан мойындатқан қаламгер.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі ...
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...